USTAZLIVE · МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК
UstazLive туралы
UstazLive — Қазақстан мұғалімдерінің сабақ дайындау және сыныппен жұмыс істеуіне арналған платформа.

Кімге арналған?
Бастауыш және орта мектеп мұғалімдері пән мен сыныпты таңдап жұмыс істей алады. Интерфейс қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қолдайды.
Құрал және жауапкершілік
Платформа материал дайындауға көмектеседі. Оқу мазмұнының дұрыстығы мен сыныпқа сәйкестігін мұғалім тексеріп, соңғы шешімді өзі қабылдайды.
Мұғалімге пайдалы құралдар
ҚМЖ жасау — қысқа мерзімді сабақ жоспары
UstazLive арқылы пән, сынып және оқу мақсаты бойынша ҚМЖ жобасын дайындаңыз.
БЖБ құрастыру — бөлім бойынша жиынтық бағалау
Бөлімнің оқу мақсаттарына сай БЖБ тапсырмаларын, бағалау критерийлері мен дескрипторларын дайындаңыз.
ТЖБ құрастыру — тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсан материалын қамтитын ТЖБ нұсқаларын, тапсырмалар мен бағалау сызбасын құрастырыңыз.
Мұғалімдерге арналған AI көмекші
Жасанды интеллект көмегімен сабақ идеяларын, тапсырмалар мен кері байланыс мәтіндерін дайындаңыз.
Интерактивті тапсырмалар мен сабақ ойындары
Тест, сәйкестендіру, арқан тартыс және басқа ойындар арқылы оқушылардың білімін бекітіңіз.
Мұғалімге арналған цифрлық құралдар
Сабақты жоспарлау, сыныпты басқару, бағалау және рефлексия құралдарын бір жерден таңдаңыз.
UstazLive